Алматыдағы Көктөбе телемұнарасына найзағай түсті

13 Маусым, 11:24 1034

13 маусым күні Алматыда ауа райы күрт өзгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таңертең ерте күн күркіреп, қала тұрғындары мен қонақтарын да шошытқан. Сонан соң қатты жауын жауды. Жергілікті фотограф Александр Шаварев Көктөбеге жай түскен сәтті суретке түсіріп үлгерген.

Шаварев бұл сәттің видеосын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Көктөбедегі телемұнараға жай түсті, 13.06.2024, – делінген видеоның жазбасында.

Оқырман қауым пікір қалдырып, табиғаттың кереметтігіне тамсанып жатыр.

«Керемет!», «Ішіндегі адамдар өздерін қалай сезінді екен?», «Қорқынышты», «Тағы ма?», «Не деген күш!» - деп жазды оқырман.

Кеше Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті 13 маусымда ауа райына байланысты ескерту жариялаған еді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Александр Шаварев (@shavarev_)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: