Алматыдағы хостелдің өртке дейінгі суреттері тарады

30 Қараша 2023, 09:55 1471

30 қарашада таңертең Алматыдағы жатақханалардың бірінде өрт шығып, 13 адам қаза тапты. Желіде өртке дейінгі қонақүйдің суреттері тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Суреттерге қарағанда, бөлмелерде бір және екі қабатты кереуеттер болған.


2gis.kz

«Байғұс студенттер қайтыс болды, біліге ұмтылған жастар кетті», «Жағдай жасалмаған жер екен, бұл үйде адамдар енді қалай тұрады?», «Осындай жерге қалайша хостел салуға рұқсат берген?», «Мұндай хостелдерді осы оқиғадан кейін жауып тастаса екен» деді қолданба қолданушылар.


2gis.kz

Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаты мен жертөлесі жатақханаға айналдырылған. Яғни, шын мәнінде, қонақүй бір қабатта және жертөледе орналасқан.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: