Алматыдағы гүлзарда суретке түскендер 73 мың теңге айыппұл төлейді

14 Мамыр, 11:26 842

Алматы әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жасады. Тұрғындарды гүлзарлар мен өсімдіктерді зақымдамауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Жеке тұлғаларға ескерту немесе 20 АЕК (73 840 теңге), шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК (110 760 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 40 АЕК (147 680 теңге), ірі кәсіпорындар үшін 100 АЕК (369 200 теңге) айыппұл салынады.

Әлеуметтік желілерде тіркелген фактілерге байланысты департамент Алматы тұрғындары мен қонақтарын сәндік гүлді көгалдандыруға және қоғамдық орындарға қамқорлық жасауға шақырады, – делінген әкімдік ақпаратында.

 

 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: