Алматыдағы ботаникалық бақта Ancient Futures көрмесі ашылды

Бүгiн, 01:11 319

Енді Алматыдағы бас ботаникалық бақтың Бейбітшілік аллеясымен серуендей жүріп, климат, экология және болашақ тақырыптарына арналған ерекше арт-нысандарды көруге болады. Себебі онда Ancient Futures көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ancient Futures — бұл өнер, ғылым және технологияны біріктіретін халықаралық жоба, климаттың өзгеруіне назар аудартуды мақсат етеді.

AraGrow — мицелийден жасалған және араларға арналған үй ретінде ойластырылған арт-нысан. Ол қаланы жанды экожүйе ретінде қайта түсіндіреді, дәстүрлі білім мен биодизайннан шабыт алады. Авторлары: Дана Молжігіт, Әсел Есжанова және Хана Цвелбар.

Көміртектің тынысы — көмірдің тарихы мен отынды жағу кезінде босап шығатын «ежелгі өсімдіктер тынысы» туралы иммерсивті қондырғы. Авторы: испан суретшісі Мигель Сбастида.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, арт-нысандар Тимирязев көшесі жағындағы орталық кіреберістің батысында орналасқан.  Көрме бір айға созылады. 

Асқар Таудай
Бөлісу: