Дауылға байланысты Алматының бас ботаникалық бағы 10 сәуірге дейін жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі уақытта ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соғып тұр. Сондықтан қауіпті ағаштардың құлау мүмкіндігін болдырмау үшін қоғамдық аумақты тазарту, сондай-ақ ағаштардың жағдайын тексеру қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнап, нөсер жауды.