Алматыдағы бір ауданда 620 көшеге жарық тартылған

14 Қараша 2023, 03:29 804

Қазіргі уақытта Алатау ауданының 85%-ы жарықтандырылған. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жарық нүктелерінің саны - 38 105 дана. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков хабарлады.

Оның айтуынша, 2020 жылы 413 көшеде 19 471 жарықдиодты шам орнатылған.

Аудан әкімдігі ішінара жарықтандырылған 378 көше бойынша көше жарығын салуға ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2024 жылы басталады, - деп хабарлады аудан әкімі.

Аудан келбетін жақсарту және абаттандыру тақырыбын жалғастырған әкім Азамат Қалдыбеков «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді. Биыл қала тұрғындарынан 303 жоба келіп түсті, оның ішінде тұрғындардың дауыс беруіне сәйкес, іске асыру үшін 2 млрд.675 млн. теңге сомасына 54 жоба іріктелді. Бүгінгі таңда 37 нысанның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін қалған 17 жобаның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мысалы, жыл соңына дейін Қарасу шағын ауданындағы Бағаналы орда көшесіндегі аллеяның құрылысы аяқталады. Аханов көшесіндегі жасыл аймақты ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: