Алматыдағы базар аумағында өрт шықты

18 Тамыз, 18:46 450
Өрт сөндірушілер автокөліктерге қызмет көрсету орталығындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда "Жібек жолы" базарының аумағындағы автокөліктерге қызмет көрсету орталығында өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер 250 шаршы метр аумаққа таралған өртті сөндірді. Өрттің салдарынан 3 жеңіл автомобиль өрттеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ.
Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: