Алматыдағы бақ Гиннесс рекордтар кітабына енуі мүмкін

6 Желтоқсан 2023, 16:47 945

Алматыда отырғызылған ALA бағы ғарыштан көрінеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Идея авторы Даут Шайхисламовтың сөзіне қарағанда, енді бұл бақ Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.

Бұл дегеніміз – отырғызылған ағаштардан жазылған ең үлкен сөз ретінде Гиннесстің рекордтар кітабына енуге үміткер бола аламыз, - деді ол.

Бұған дейін «ALA» әріптері Алматы алаңында пайда болғанын жазғанбыз. Ағаштарды отырғызу 18 қараша күні толық аяқталды.

Айта кетейік, «ALA» логотипін Алматы халықаралық әуежайы ұсынған. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: