Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

5 Қаңтар, 15:00 1414

Алматыдағы автобус апатынан зардап шеккен науқастардың жағдайы мәлім болды, хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.  2023 жылдың 22 желтоқсанынан бастап стационарда болған үш науқас та қажетті емдеу курсынан өтіп, амбулаториялық бақылауға жіберілген.

Ауыр жарақат алған 50 жастағы әйел ауруханада 13 күн болып, үйіне шығарылды. Ол № 7 қалалық клиникалық ауруханасына ауыр жағдайда түскен, бірнеше сүйегі сынып, травматикалық шок алған еді.

Алматы қаласының № 7 ҚКА директоры Манас Рамазанов науқасқа ацетабулярлы тірегі мен бұрандалары бар реконструктивті пластинаның сол жағындағы ацетабулярлы түбінің ашық репозициясы бойынша операция жасалғанын хабарлады. Операциядан кейінгі 7 тәулікте науқас емдік ұсынымдарымен шығарылды дейді ол.

Бұған дейін № 7 ҚКА нейрохирургиялық бөлімінде ем алған тағы екі адам үйіне шығарылған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: