Алматыда темір жол билетін алыпсатарлар көбейген

22 Маусым 2022, 00:39 906

Алматыда темір жол билетін арзанға алып, жолаушыларға қымбатқа сататын алыпсатарлар анықталды, - деп хабарлайды El.kz сайты Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Заң бұзғандарға айыппұл тосқауыл бола алмай тұр. Себебі, әкімшілік құқық бұзушылық үшін 15 мың теңге айыппұл салынады немесе бес тәулікке дейін қамалады.

– Алматы-1 стансасындағы желілік полиция басқармасының қызмет атқару аумағында 1300-ден аса азамат әкімшілік жауапкершірлікке тартылды. Сонымен қатар жол жүру билеттерін сатып алу қызметін ұсынған 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді  «Алматы-1» желілік полиция басқармасының бөлім бастағы Жандар Әбдікапаров

Қаладағы темір жол вокзалдарында қазір жолаушылар ағыны көп. Олардың басым көпшілігі - Алакөл мен Балқаш секілді демалыс орындарына асыққандар. Жолаушылар жүрдек пойызға билеттің күрт қымбаттап кеткенін айтады.

«Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы билет тапшылығын жою мақсатында бар мүмкіндік жасалып жатқанын айтты. Ол үшін қосымша пойыздар мен вагондар санын арттыру да қарастырылған екен.

– 2019 жылдан бастап біз өзіміздің ресми сайтымызда арнайы портал енгіздік. Ол порталдың мақсаты – алыпсатарларға тосқауыл қою. Бұл сайтта бір адам өзінің жеке кабинеті арқылы санаулы билет ғана сатып ала алады. Қазір жазғы маусымда 158 бағыт бойынша пойыздар қатынап жүр. Оның ішінде 11 бағыт Алакөлге барады, – деді  «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі Мәди Мұхамедқали.

Бөлісу: