Алматыда бір тәулікте 199 адамнан коронавирус анықталды

6 Шілде 2022, 14:23 1034

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті

Алматыда коронавирус жұқтырған 69 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

5 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 199 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 182 науқаста індет белгілері бар, 17 науқас - симптомсыз.

– Инфекциялық стационарларда 69 адам жатыр. Барлық емделіп шыққандар – 48, келіп түскені – 10. Жіті респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) – 1 пациент, – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 4 шілдеден бастап Алматы қаласы «сары» аймақта. Осыған байланысты, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.

Бөлісу: