Алматыда дауыс беру учаскесінің комиссия мүшелері соғыс ардагері Филипп Губановтың үйіне барды, деп хабарлайды El.kz
Ұлы Отан соғысының ардагері Филипп Губанов Жетісу ауданының Құлагер шағынауданында тұрады. Сайлау комиссиясының мүшелері жүз жастағы қала тұрғынының үйіне арнайы барды. Ол өткен жылдың қараша айында 100 жасқа толды. Ардагер Қазақстанның болашағы үшін дауыс беретінін атап өтіп, көңіл бөлгендері үшін алғысын білдірді.