Алматыда «Журналистер саябағы» салынады

21 Маусым 2023, 12:39 1147

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде аудан аумағында қандай саябақтардың қайта салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев ҚР Мемлекеттік музейінің жанындағы саябақты қайта салу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқтау жоспарланғанын, шілде айында «Самал-1» шағын ауданындағы «Журналистер» саябағын қайта салу жұмыстары басталып, жыл соңына дейін аяқталатынын, сондай-ақ тұрғындардың өтінішімен қыркүйек айына дейін «Алатау» шағынауданындағы Ибрагимов көшесінде саябақ салынатынын айтты.

Ауданның қоғамдық кеңістігін дамыту аясында Терренкурдағы су айдынының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Қазір оны қайта құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Сондай – ақ, осы жылдың соңына дейін Терренкурға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, 2019 жылы «Атакент» саябағы аумағында «Журналистер аллеясы» ашылған болатын. 

 

Равиль Ашығали
Бөлісу: