Алматыда жөзекшілікпен айналысқандардың жолы кесілді

4 Шілде 2023, 15:24 741

Полицейлер Алматы қаласы Әуезов ауданының К. есімді тұрғынын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz  ақпарат агенттігі хабарлады.

Үйінен алыс емес жерден коттедж жалдап, ешбір сыртқы жарнаманы қолданбай, жезөкшелер үйінің жұмысын насихаттағаны белгілі болды.

Көрсетілген мекенжайды тексеру кезінде салон әдеттегі режимде жұмыс істеп тұрды: жұмысшылар «жұмыс орындарында» болды, клиенттер сауықтыру массажының орнына интим қызметтерін алды. Бұл азаматтар жеке басын анықтау және тексеру үшін біздің бөлімшеге жеткізілді. Ғимаратты жалға алушы да белгілі болды. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды, – деді Әуезов аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

EL.KZ
Бөлісу: