Алматыда жойқын жер сілкінісі болатыны рас па? Мамандар жауап берді

9 Қаңтар, 10:14 3525

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде блогер «Алматыда жойқын жер сілкінісі болады» деген ақпарат таратып жүр. Сейсмолог мамандар ол ақпарды жоққа шығарды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

КТК телеарнасының мәліметінше блогер ешқандай дәлелсіз 15 қаңтарда қатты жер сілкінеді деп болжаған. Оның бұл пайымдауы елді дүрліктіріп отыр.

Сейсмология институты кешенді мониторинг деректері негізінде жасайтын жыл сайынғы қорытындыға сәйкес, 200-ден астам сейсмикалық, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрохимиялық деформация параметрлер қарастырылады. Біз жыл сайын осындай қорытынды жасап отырамыз. Өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, біздің мамандар 2024 жылға сейсмикалық жағдай бойынша да қаңтар айының басында қорытынды жасайды. Бұл деректерге сәйкес, аномалия белгілері жоқ. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ, дейді Сейсмология институтының сарапшылары

Сарапшылар мұндай күмәнді болжамдарға сенуге болмайтынын айтады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: