Алматыда жолаушылар автобусын айдап кеткен күдікті ұсталды

9 Ақпан, 22:49 422

Алматының Түрксіб ауданында жолаушылар автобусын айдап кеткені туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаланың полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.

Күдікті “ізін суытпай” ұсталып, қазір оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: