Алматыда жолаушылар автобусы қаққан әйел көз жұмды

11 Сәуір, 17:34 1527

11 сәуірде Алматы қаласындағы Жангелдин-Әшімбаев көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Анықталғандай, 1984 жылы туған әйел Жангелдин көшесінде жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан.

№117 автобус жүргізушісі оны қағып кеткен. Ауыр жарақаттардан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Қазір оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: