Алматыда автобус жүргізушісін ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 11 сәуір таңғы 08:00 шамасында № 98-бағыттағы автобус жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал шықты. Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов 38 жастағы жолаушы қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік жүргізушісіне дене жарақатын салғанын айтты.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.
Күдікті өзін қорғау үшін жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты.