Алматыда жол-көлік оқиғасынан мопед жүргізушісі мерт болды

4 Маусым, 10:11 368

Алматы қаласының Жансүгіров және Жұмабаев көшелерінің қиылысында жеңіл көлік пен мопед соқтығысып, мопед жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме беріп, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Жол-көлік оқиғасы 3 маусым күні 21:20-да Жетісу ауданында болды. Жансүгіров пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында мопед және Toyota Land Cruiser автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде мопед жүргізушісі қайтыс болып, оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша жол жүру ережесін мопед жүргізушісі өрескел бұзған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: