Алматыда жер сілкінісінен кейін жаңа мектеп құлағалы тұр

26 Қаңтар, 16:30 1910

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында жер сілкінісінен кейін жаңа мектептің қабырғалары жарылып, 10 сантиметрге дейін кеңейіп кеткен, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Алматыда 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желіде қабырғасында жарықтар пайда болған мектептің видеосы тарады.

Желі қолданушылары кадрдың астына «бұл қаладағы құрылыстың сапасын көрсетеді», «мектептің қабырғалары бұған дейін де осылай болған» деп жазды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от НОВОСТИ АЛМАТЫ И АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ (@kris_p_almaty_obl)

Аудан әкімдігі желіде тараған видеоға байланысты мәлімдемесінде 2015 жылы салынған мектеп ғимаратының қабырғасындағы бұл жарықтар жер сілкінісіне дейін де болғанын жеткізді. Алайда, олар жер сілкінісінен кейін жарықтар 10 сантиметрге дейін кеңейген.

Оқи отырыңыз:

Бұл мектепте бүгінде 564 оқушы оқиды. Оқу процесі күндізгі режимде жүргізіледі. ТЖ басқармасы апатты жағдайды мойындамады, - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Бүгін сағат 14: 17-де Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезінді. Ресми мәліметтерге сәйкес, қала аумағында болған жер сілкінісі 2 балл болған. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 269 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.1. Магнитудасы MPV 4.9.

Миражан Махан
Бөлісу: