Алматыда жер сілкінісі тіркелді

20 Маусым, 16:54 657

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 20 маусым Алматы уақытымен 16 сағат 36 мин жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстіке қарай 335 шақырым жерде) орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша):  Алматы қаласында - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қирағандар туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген ТЖМ ақпаратында.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: