Алматыда жер сілкінісі салдарынан өндірістік жарақаттар тіркелген жоқ

23 Қаңтар, 14:29 666

Алматы қаласының Еңбек инспекция басқармасы 23 қаңтарда барлық кәсіпорындар мен ұйымдар штатты режимде қызмет етіп жатқанын және жер сілкінісіне байланысты өндірістік жарақаттар тіркелмегенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма қызметкерлері өндірістік объектілер бойынша жедел мониторинг жүргізілуде, сонымен қатар Басқармада (Достық көшесі, 85 үй, 319 кабинет) кезекші мемлекеттік еңбек инспекторлар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар бойынша хабарламаларды қабылдап, тіркейді.

Басқарма жедел жәрдем станциялары мен Төтенше жағдай Департаментімен тығыз байланыста және де еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер жоқ екенін хабарлайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: