Алматыда жер сілкінісі қайталанып жатыр

4 Наурыз, 13:04 6713

Жер сілкінісі қайталанып жатыр. Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты сағат 16.00-ге дейін халық жиналатын жерде болу керек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ғылыми орталығының Дәулет Сәрсенбаев халыққа ескерту жасады.

11.22-де Алматыда жер сілкінісі болды. Қазіргі таңда афтершоктар болуы мүмкін. бірақ қуаттылығы әлсін сезіледі. Сабыр сақтап, халықты жинау жерлерінде сағат 16.00-ге дейін болуларыңызды сұраймын. Сейсмикалық жағдайды бақылау комиссиясының қорытындысын қосымша міндетті түрде жеткіземіз, - дейді Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ғылыми орталығының Дәулет Сәрсенбаев.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: