Алматыда жер сілкінді

10 Сәуір, 20:06 764

10 сәуір күні Алматыда сағат 19:56-да 2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 484 км жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13,6.

MPV магнитудасы - 6.0.

Тереңдігі - 10 шақырым

Алматыда 2 балл, Кеген мен Райымбек аудандарында 3 балл болып сезілді.

Зарина Арман
Бөлісу: