Алматыда жастарға заң мен тәртіп қағидалары түсіндірілді

19 Ақпан, 17:05 415

Алматыда «Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы аясында Жоғары медициналық колледж студенттерімен кездесу өтті. Іс-шараны Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Заң мен тәртіп» идеясын насихаттау мақсатында ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік идеологиясын дамыту, заңдылық пен тәртіп принциптерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру жайлы сөз қозғалды. Оған студенттер, оқытушылар мен колледж қызметкерлері қатысты.

Алматы қаласы бойынша Департамент басшысының бірінші орынбасары Жарқын Ғалымов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар мен бастамалар туралы айтып, қоғамда адалдық пен әділдікті қалыптастыруда студенттер мен оқытушылардың рөлін атап өтті.

Қоғамға сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін және оны болдырмаудың әдістерін көрсететін бейнемазмұндар көрсетілді.

Іс-шара барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, идеяларымен бөлісті.

Кездесудің соңында колледж ұжымы лекторға мазмұнды ақпарат үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлық нормалар мен этикалық стандарттарды сақтау туралы өз шешімдерін жариялады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: