Алматыда жасөспірім бала биіктен құлап мерт болды

18 Қараша, 21:26 679

Алматыда мектеп жасындағы бала көпқабатты тұрғын үйдегі биіктен құлап мерт болды. Оқиға бүгін 18 қарашада Әуезов ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Куәгерлердің айтуынша, 11-12 жас шамасындағы жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен.

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған факті бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен  іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі таңда оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.  

Алдын ала мәлімет бойынша жасөспірім 2009 жылы дүниеге келген.

Зарина Арман
Бөлісу: