Алматыда жарылғыш зат туралы жалған хабар берген тұрғын ұсталды

19 Маусым, 22:12 530

Алматыда полиция жарылғыш зат туралы жалған хабар берген тұрғынды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың ақпан айында қалалық төтенше жағдайлар қызметіне мас әйел телефон соққан болатын. Ол қаладағы перзентханалардың біріне жарылғыш зат қойылғанын хабарлады. Комиссия тексерісі хабарламаның жалған екенін анықтады.

Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, күдікті анықталды және «ізін суытпай» ұсталды. Медеу аудандық сотының үкімімен Н.есімді азаматша ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.

 Ол 2,6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Перизат Саденова
Бөлісу: