Алматыда үйдің кіреберісінде жаңа сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаңа туған қыз баланың анасы кім екені анықталып ұсталған. Жас ана медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салсақ, бүгін тұрғындар Чернышевский көшесі бойында орналасқан үйдің кіреберісінен жаңа туған шақалақты тауып алған болатын. Олар дереу жедел жәрдем шақырған. Сәби ауруханаға жатқызылды.