Алматыда жаңа әуежай терминалы ашылады

28 Ақпан 2023, 17:09 1696

Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының президенті Ерсой Альп Ер Тунга арнайы брифингте айтты. El.kz ақпарат агенттігі.

Қолданыстағы терминал ғимаратына және әуежай инфрақұрылымын дамытуға 5 млн доллар инвестицияланды. Әуежайдың қауіпсіздік жүйесіне 1 млн доллардан астам қаржы жұмсалған.

"2022 жылы басталған Алматы халықаралық әуежайында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. TAV Airports Holding жаңа терминал жобасына 200 млн доллардан астам инвестиция салуда. Алматы халықаралық әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2024 жылдың жазында аяқталады деп жоспарланып отыр. Мәдени-тарихи элементтерін VIP терминалдың жаңа ғимаратына көшіру мәселесіне үлкен көңіл бөлінді. Жаңа VIP терминалдың құрылысы 2023 жылдың жазында аяқталып қалады", – деді әуежай президенті БАҚ өкілдеріне. 

EL.KZ
Бөлісу: