Алматыда жаңа алма бақтар пайда болды

27 Сәуір, 20:13 726

Алматы әкімі Ерболат Досаев дәстүр бойынша тұрғындармен бірге алма ағашын отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Алматы – бақ қала» акциясы өтті.

Негізінен көшеттер Саялы шағын ауданындағы Қарағайлы орманға, «ALA» саябағында және Боралдай өзенінің бойында бақылау алаңының жаны сынды Алатау ауданындағы үш жерге егілді.

Қарағайлы орманындағы акцияға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты. Тұрғындар мен экобелсенділермен бірге ҮАК бойындағы
саябаққа 500 алма және 500 өрік көшеті отырғызылды. Ал «АLA» саябағының аумағында 2270 көшет отырғызылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: