Алматы облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 320 тоннадан астам азық-түлік жеткізіледі.
Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына 50 өнім түрі ұсынылады. Атап айтар болсақ, 40 тонна ет, 15 тонна сүт өнімдері, көкөніс 160 тонна, балық 13 тонна, 92 тонна өзге де өнімдер бар.
Жәрмеңкеде ұсынылатын азық-түлік бағасы нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен болады.