Алматыда заңсыз курьер болып жүрген бір топ шетелдік еліне қайтарылды

24 Шілде, 09:36 538

Алматы қалалық көші-қон қызметі мегаполисте заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Атап айтқанда, көрші мемлекеттердің азаматтары курьерлік қызмет көрсеткен.

Алматы қаласы Бостандық ауданында көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, елімізде жүрген жеті шетелдік ұсталды. Оның үстіне олардың жеке басын куәландыратын құжаты болмағандықтан қабылдап-тарату орнына жіберілді. Сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, туған еліне жер аударылады. Алматы — Қазақстанның ірі шаһары, қаржы және мәдени орталығы ретінде шетел азаматтарын да өзіне тартады. Дегенмен, елге келу және осында жүріп-тұру талаптарын қатаң сақтай отырып, Қазақстан заңнамасын құрметтеу шартымен заңды түрде болуы тиіс, — деді Алматы қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Айта кетейік, Алматыда туысын пышақтап өлтірген әйел ұсталғанын хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: