Алматыда заңсыз айналымнан гашиш тәркіленді

25 Мамыр 2023, 22:50 636

Қылмыс жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жолы Алматы полицейлерінің назарына Алматы облысы, Қарасай ауданынан гашиш жеткізіп, қала аумағында оларды сатумен айналысқан 34 жастағы А. есімді азамат ілікті. 

Арнайы іс-шара Алматының Алатау ауданында кешкі алты жарымда жүргізілді. Күдіктінің Hyundai автокөлігі тоқтатылды. Жеке тінту кезінде, сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде бірнеше полимер байламдары табылды және тәркіленді. Олардың ішінде жасыл түсті өсімдік тектес шаңды зат бар болды. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты аса ірі көлемдегі гашиш болып табылады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады

Перизат Саденова
Бөлісу: