Алматыда заңгер әйелді 18 рет пышақтап өлтірген күйеуіне қатысты сот үкімі өзгерді

6 Қазан 2023, 12:28 741

Алқабилет соты алматылық адвокат Айман Асанованы қасақана өлтірген адамды кінәлі деп тапты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот осы іс бойынша сот отырысының аяқталғанын мәлімдеді.

Н. 3 жыл бойы жұбайымен некеде болған. Ажырасқаннан кейін, еркектің жұбайына деген дұшпандығы мен араларында көптеген жанжалдың орын алуына себеп болған ортақ мүлікті бөлу мәселесі шешілмеген күйінде қалған. Н. 2022 жылғы 8 қазаннан 9-на қараған түні бұрынғы жұбайын оның үйінің жанына барып, күтіп тұрған. Ер адам оған мүлікті бөлу туралы талап қояды. Әйел дөрекі жауап қатып, ауыр сөздер айтып бұл мәселені талқылаудан бас тартады. Осыған байланысты бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында тағы да ұрыс басталады. Жанжал кезінде ер адам қолындағы пышақпен әйелге 18 соққы жасайды. Жарақат салдарынан әйел ауруханада көз жұмды, - делінген хабарламада.

turkystan.kz хабарлауынша, сот барысында айыпталушы кінәсін мойындамаған, ол жұбайын ерекше толқу жағдайында өлтіргенін мәлімдеді. Прокурор мен жәбірленуші тарап оған қатаң жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушыға қатысты жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмады, жас балалардың болуы және кінәсін мойындауы жазаны жеңілдететін факторлар деп танылды. Сот сотталушыны ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қасақана адам өлтіргені үшін кінәлі деп танып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – делінген Алматы сотының хабарламасында.

Равиль Ашығали
Бөлісу: