Бұл ақпарат ҚР ІІМ-нің telegram-арнасында жарияланды.
– Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі ТК-нің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама түсті. Ақпарат расталды. Марқұмның жеке басы анықталды, - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Бостандық аудандық полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.