Алматыда ұйғыр этномәдени орталығының жаңа төрағасы сайланды

11 Ақпан 2019, 12:47 2346

Алматыда қалалық ұйғыр этномәдени орталығының кезектен тыс сайлау конференциясы өтті. Конференцияны ҚХА мүшесі, Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ құрметті төрағасы Ахметжан Шардинов кіріспе сөзбен ашты.

Ол жиналғандарды конференцияның мақсаты туралы хабардар етті. Кезектен тыс сайлау конференциясын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті құрылды.

Конференцияны өткізу бағдарламасына сәйкес Басқарма мүшелері сайланды, орталықтың 9 кеңесі бекітілді, Жарғыға өзгерістер енгізілді. Жалпы дауыс беру нәтижесі бойынша Алматы қалалық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы болып Османжан Уболов сайланды.

Өз кезегінде Орталықтың құрылу тарихы мен даму кезеңдері туралы орталықтың бірінші орынбасары Махинур Исраилова толығырақ айтып берді.

Алматы қаласының қалалық ұйғыр этномәдени орталығы 1989 жылы белгілі академик, ҚР ұйғыр институтының директоры Гожахмет Сәдуақасовтың белсенді қолдауымен құрылған және ірі ұлттық орталықтардың бірі болып табылады.

Орталықтың бірінші төрағасы болып көрнекті қоғам қайраткері және жазушы Тұрған Тоқтамов сайланды.

2006 жылдан бастап 13 жыл бойы Қазақстанның көпұлтты мәдениетінің дамуына баға жетпес үлес қосқан ұйғыр мәдени орталығының жетекшісі Абдулла Ушуров болды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы орынды бағасын берген «Азия бугун» қоғамдық-саяси газетін, «Танритах» телебағдарламасының дүниеге келуіне мұрындық болды.

Бөлісу: