Алматыда ұсталған блогерлер 2 айға қамауға алынды

Кеше, 14:33 281

Алматыда блогерлер кәсіпкерден ақша бопсалап, 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кейіннен ұсталған блогерлер Дамир Көшеев және Руслан Каримов екені анықталды.

Бопсалауға байланысты күдікке ілінген блогерлерге сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – делінген Қалалық полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, оларға "Аса iрi мөлшерде бопсалау" бабы бойынша іс қозғалып жатыр. Енді екі блогер 15 жылға сотталуы мүмкін.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: