Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты көз жұмды

22 Қыркүйек, 14:40 600

Алматыда 22 қыркүйекке қараған түні ҰҚК Шекара қызметінің курсанты белгісіз жағдайда көз жұмған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алдын ала мәлімет бойынша 19 жасар курсант Достық даңғылы бойындағы көпқабатты тұрғын үй ғимаратынан секіріп кеткен. 

Аталған факті бойынша полиция іс қозғады. Қалалық ПД оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталатынын атап өтті.  

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: