Алматыда Ұлттық домбыра күні тойланады

4 Шілде, 14:52 786

Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады. Осыған орай Алматыда 7 шілде күні сағат 20:00-де Абай алаңында «Аңыз Домбыра» концерті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Секен Тұрысбек, Айгүл Қосанова, Асылбек Еңсепов, Шолпан Даржанова, Әбділхамит Райымбергенов, Нұркен Әшіров, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, «Қоңыр» тобы, «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, «Салтанат» би ансамблі және т.б. артистер өнер көрсетеді.

Танымал күйшілер Кенен Әзірбаев, Төлеген Момбеков, Әсет Бейсеуов, Мейрамбек Жанболатов және т.б. халық әндері мен шығармаларын орындайды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: