Алматыда үлкендер кішкентай баланы автобуста ұмытып кеткен

26 Наурыз, 21:15 926

Әлеуметтік желіде кішкентай баланы үлкендер қоғамдық автобуста ұмытып кеткен сәттің видеосы пайда болды. Оқиға Алматы қаласында болған, деп хабарлайды Liter.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Видеоны куәгерлер түсірген. Онда бүлдіршін полиция қызметкерлеріне тапсырылғаны анық көрінеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар баланың ағасымен хабарласқан.  

Полиция бұл фактіні растады. Сақшылар баланың ата-анасын санаулы минуттарда тапқан. Бүлдіршін туыстарына тапсырылды.

Зарина Арман
Бөлісу: