Алматыда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 34,6%-ға азайды

21 Ақпан 2023, 13:22 810

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті

Пайдалануға берілген тұрғын үй ауданының көлемі 8,8% азайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 15,4 млн м2 құрады, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,8%-ға аз.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі Алматы қаласында күрт азайды – 34,6%-ға, Ұлытау облысында – 29,6%-ға, Астана қаласында – 24,7%-ға.

Республикалық көлемде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ең үлкен үлес салмағы республикалық маңызы бар қалаларда. Астанаға пайдалануға берілген барлық тұрғын үйдің 15,4%-ы тиесілі, Алматыға – 11,2%-ы, облыстар арасында Ақтөбе облысына – 8,1%-ы.
 
Тұрғын үйлердің жалпы санынан:
- 1 540 көппәтерлі үйлер
  жалпы ауданы – 8 843,9 мың м2,  8,5%
- 36 365 жеке тұрғын үйлер
  жалпы ауданы – 6 499,8 мың м2,  7,4%

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы тұрғын үй алаңының 1 м2 құрылысына кеткен орташа нақты шығындар 12,2%-ға өсті.

EL.KZ
Бөлісу: