Алматыда ту көтеру салтанатты шарасы өтті

25 Қазан, 13:42 497

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында Республика күніне орай мемлекеттік туды көтеру салтанаты өтті. Іс-шараға қала әкімі Ерболат Досаев, мәслихат депутаттары, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аумағы 98 шаршы метр болатын мемлекеттік ту биіктігі 40 метрлік тұғырға әскери оркестрдің сүйемелдеуімен және әнұранды орындаумен көтерілді.

Бүгін сағат 21:00-де Абай алаңында және 21:30-да «Астана» алаңында дрондар шоуы өтеді. 500-ден астам дрон ұлттық мәдениеттің элементтерін және ел тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелейтін 3D көріністерді жасайды.

Сондай-ақ, сағат 20:00-де «Көктөбе» телемұнарасында мерекелік жарық шамдары қосылады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: