Алматының Алатау ауданында 12 қарашаға қараған түні төбелес болып, полиция капитанын пышақтап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Telegram-арналардың бірінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, қаладағы дәмхананың маңында төбелес болған. Жанжал кезінде пышақ жарақатын алған полиция капитаны ол кезде қызметте болмаған.
Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталды, - деді деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.