Алматыда тергеу изоляторынан сотталған адам қашып кетті

14 Қазан 2022, 18:19 871

Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен Алматы қалалық полиция департаменті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz

«Аталған факті бойынша Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы (Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамаудан қашу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді»,-делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша ҚАЖД қызметтік тексеруді бастады.

Бөлісу: