Алматыда «Ten Qogam» орталығының жетінші филиалы ашылды

15 Наурыз 2023, 19:14 744

Алатау ауданында «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығының жетінші филиалы ашылды. Жыл басынан бері Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен осындай бес филиал құрылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұнда мүмкіндігі шектеулі алматылықтар жұмысқа орналасып, тағылымдамадан өтіп, оқи алады және психологиялық қолдау көрсетіледі.

Наурыз айының соңына дейін Түрксіб пен Алмалы ауданында филиал ашу жоспарға енген. Міне, осылайша мұндай орталықтар қаланың барлық ауданында ашылады.

EL.KZ
Бөлісу: