Алматыда тегін мұз айдындары ашылды

22 Желтоқсан 2022, 15:03 1554

Мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді

Алматыда қала тұрғындары мен қонақтары үшін төрт жерде тегін мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі.

Олар мынау мекен-жайларда орналасқан:

- Тұңғыш Президент саябағының алдында;

- Республика Сарайының алдында;

- Әуезов ауданында Ықылас 8 д мекенжайы бойынша, Таугүл ш/а;

- Шұғыла шағын ауданы, 347 мекенжайы бойынша Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында.

Келесі аптада Түрксіб ауданы Сейфуллин, 13 мекенжайы бойынша №6 Оқушылар үйінің алдында және Жетісу ауданындағы «Гүлдер» саябағында мұз айдындары ашылады.

Кіру – тегін, конькиді жалға алу құны (2 сағат) - 1000 теңге. Конькимен келгендерге тегін.

Жалға беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін ашық болады.

Айта кетейік, мұз айдындары тәулік бойы жұмыс істейді.

EL.KZ
Бөлісу: