Алматыда танымал қазақстандық мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі ашылды

11 Қазан, 15:01 379

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық белгілі мүсінші Шоқан Төлештің «АСПАН» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, көрмеде заманауи мүсіншінің 90-нан аса мүсіндік, графикалық және кескіндемелік туындылары ұсынылған.

Шоқан Төлештің мүсіндік туындылары күрделі пластикалық форманы білдіреді. Суретші Төлештің шығармашылығында ең бастысы — идея. Ол ойындағы идеясын жүзеге асыруда қола мен алюминийді дәнекерлеусіз әдіспен біріктіріп, ерекше мүсіндер жасайды.

Көрме 2024 жылдың 3 қарашасына дейін жалғасады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: