Алматыда «Талақ» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті

10 Қыркүйек, 18:32 466

Алматыда жазушы Бейімбет Майлиннің әңгімелер желісімен түсірілген «Талақ» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Режиссер Данияр Саламаттың туындысы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген. Фильм 12 қыркүйектен бастап ел кинотеатрларына жол тартпақ.

XX ғасырдың 20-30 жылдарын суреттейтін туындыға ұжымдастырудың салдары, сол замандағы халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әйелдің ауыр тағдыры арқау болған.

Айта кетейік, биыл фильм 26-шы Шанхай халықаралық кинофестивалінде (SIFF) «Алтын кубок» жүлдесін жеңіп алды. Осы кинода басты рөлді сомдаған Амира Омарова үздік актриса деп танылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: