Алматыда такси жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Кеше, 20:04 202

Алматы қаласының полициясы такси жүргізушісінің соққыға жығылуына байланысты жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, нәтижесінде қаланың 19 жастағы тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен 32 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.

Күдікті полицияға жеткізілді. Онда қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Ол өз кінәсін мойындады. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жалғасуда, - делінген мәліметте.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: