Алматыда тағы да жер сілкінді

23 Ақпан, 16:57 8325

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда болған жер сілкінісі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 23 ақпанда 16 сағат 33 минут 06 секундта жер сілкінісі тіркелді, эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан Қытай аумағында - афтершок.

Алматы қаласында 2 балл.

Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ.

Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: